БОКС
Елдана Тәліпова бокстан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.
Жерлесіміз 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Елдана Тәліпова алтын медаль үшін Үндістан өкілі Нупурға қарсы айқасты.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, төрешілердің шешімі бойынша үндістандық спортшы жеңімпаз атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші күміс медаль түсті.