
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Сабах» футбол клубымен келісімшартын тағы бір жылға ұзартты.
32 жастағы голкипер 2025 жылдың басынан бері Бакуде ойнап келеді. Өткен маусымда ол 19 матчқа қатысып, командамен бірге Әзербайжан кубогын иеленді. Покатиловтың тұрақты ойыны мен тәжірибесі клуб басшылығы тарапынан жоғары бағаланып отыр.