Спорт Министрі | Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын жеңіспен бастады
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогын жеңіспен бастады

Вьетнам астанасы Ханойда өтіп жатқан волейболдан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды SportM.kz.

В тобына түскен қазақстандықтар Филиппин, Иран, Индонезия, Моңғолия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бір топта бақ сынауда.

Бас бапкер Ришат Гилязутдинов алғашқы матчта құраманың негізгі бөлігін жас ойыншылардан жасақтағанымен, команда сенімді ойын көрсетті. Жаңа Зеландияға қарсы матчта Қазақстан құрамасы 3:0 (25:15, 25:23, 25:15) есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Келесі кездесу жексенбі күні Моңғолияға қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button