Спорт Министрі | Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Данилина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының ширек финалында бірінші нөмірлі жұп — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button