Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы Ташкенттегі WTT Youth Contender турниріне қатысады
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі WTT Youth Contender турниріне қатысады

28–31 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бұл додада Қазақстан құрамасы ауқымды құраммен өнер көрсетпек, деп хабарлайды SportM.kz.

Жарысқа әлемнің 15 елінен — Аустралия, Әзірбайжан, Грузия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан жас теннисшілер қатысады.

Жүлделер бес жас санаты бойынша сарапқа салынады: 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейін.

Қазақстан намысын 67 спортшы қорғайды. Олардың арасында жас ерекшелігі бойынша топ-жаруға үміттілер де бар:

  • Алан Құрманғалиев (19 жас, турнир рейтингісінде №1)

  • Жәния Бекмұхамбетова (13 жас, №1)

  • Албина Жақсылықова (19 жас, №4)

  • Назерке Болатбек (11 жас, №1)

  • Шохина Миркодирова (11 жас, №2)

  • Дагир Данияров (11 жас, №5)

Жарыс барысында қазақстандық жас теннисшілер халықаралық рейтинг ұпайларын жинап, тәжірибе арттыру мүмкіндігіне ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button