Спорт Министрі | Каратэ: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғаш рет жалпы есепте жеңіске жетті
БАСҚАЛАРЫ

Каратэ: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғаш рет жалпы есепте жеңіске жетті

Қазақстанның каратэден ұлттық құрамасы Азия чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар жалпыкомандалық есепте алғаш рет бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ташкентте өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі.

Финалдық күннің басты оқиғасы – әйелдер құрамасының командалық кумитедегі өнері. Софья Берульцева, Дайяна Даренская, Николь Ценгель және Нұрия Тізімбайдан құралған команда шешуші кездесуде Вьетнамға есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Чемпион атанған спортшылар:

  • Жоламан Биғабыл (–55 кг)

  • Нұрқанат Әжіқанов (–75 кг)

  • Дайяна Даренская (–68 кг)

  • Софья Берульцева (+68 кг)

Күміс жүлде:

  • Әйелдер құрамасы (кумитеден)

Қола жүлдегерлер:

  • Мөлдір Жаңбырбай (–50 кг)

  • Әсел Қанай (–61 кг)

  • Данияр Юлдашев (–84 кг)

  • Диас Ұлбек (+84 кг)

  • Ерлер құрамасы (кумитеден)

Жалпы медальдық есепте Қазақстан – 1-орында. Одан кейінгі орындарды Жапония (3 алтын, 5 күміс, 4 қола) және Вьетнам (3 алтын) иеленді.

Айта кетейік, биыл ұлттық құраманы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов баптап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button