
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 10-тур ойындары бүгін басталады, деп хабарлайды SportM.kz.
Тур 24 және 25 мамыр күндері өтеді. Бүгін, 24 мамырда үш матч жоспарланған. Сағат 18:00-де Алматыда «Қайрат» пен Көкшетаулық «Оқжетпес» кездеседі. Одан кейін 19:30-да қатарынан екі матч басталады: Шымкентте «Ордабасы» мен «Ұлытау» (Жезқазған), елордада «Астана» мен «Жеңіс» командалары алаңға шығады.
25 мамыр, сенбі күнгі бағдарлама:
-
16:00 – «Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе»
-
18:00 – «Қызылжар» (Петропавл) – «Елімай» (Семей)
-
18:00 – «Атырау» – «Қайсар» (Қызылорда)
-
20:00 – «Тұран» (Түркістан) – «Тобыл» (Қостанай)