
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы мамыр айында Қырғызстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды SportM.kz.
Ойындар 25 және 28 мамыр күндері Алматы қаласында өтеді. Қарсыласымен өтетін екі матчтың да басталуы сағат 15:00-ге жоспарланған.
Кездесулер «QazSport» телеарнасы мен Қазақстан футбол федерациясының ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 23 мамырдан бастап Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының базасында оқу-жаттығу жиынына кіріседі.