
Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында шағын футболдан әлем чемпионатының шымылдығы түріледі, деп хабарлайды SportM.kz.
Биылғы турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 32 ұлттық құрама қатысады. Қазақстан құрамасы F тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары – Польша, Босния және Герцоговина, АҚШ.
Жерлестеріміз алғашқы ойынын 22 мамырда Польшаға қарсы өткізсе, 24 мамырда Босния және Герцоговинамен, ал 26 мамырда АҚШ құрамасымен кездеседі.
Ойындар елдегі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир Бүкіләлемдік шағын футбол федерациясы (WMF) аясында өтеді. Бәсеке 21 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасады.
Қалған топтар құрамы:
- A тобы: Әзербайжан, Мавритания, Словения, Бахрейн
- B тобы: Румыния, Франция, Чад, Өзбекстан
- C тобы: Мажарстан, Украина, Англия, Түркия
- D тобы: Словакия, Болгария, Португалия, Үндістан
- E тобы: Мексика, Черногория, Таиланд, Коста-Рика
- G тобы: Чехия, Грузия, БАӘ, Аргентина
- H тобы: Сербия, Гана, Испания, Израиль
Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!