Спорт Министрі | Грекияда өткен Халықаралық сессияда жасанды интеллект пен киберспорттың олимпиадалық қозғалысты дамытудағы рөлі талқыланды
БАСҚАЛАРЫ

Грекияда өткен Халықаралық сессияда жасанды интеллект пен киберспорттың олимпиадалық қозғалысты дамытудағы рөлі талқыланды

Грекияның Олимпия қаласындағы Халықаралық Олимпиадалық академияда Ұлттық Олимпиадалық комитеттер (ҰОК) мен Ұлттық Олимпиадалық академиялардың (ҰОА) делегаттарына арналған 18-ші Халықаралық сессия өтті.

Сессия жұмысына әлемнің 100 елінен келген 150 ҰОК және ҰОА өкілдері қатысты.

Форумның негізгі тақырыптары – жасанды интеллект мәселелері және киберспортты олимпиадалық білім беру бағдарламаларына енгізу перспективалары болды.

Іс-шара барысында қатысушылар киберспорт, жасанды интеллект және олардың спорттық білім берудегі рөлі туралы халықаралық мамандардың баяндамаларын тыңдады. Олимпияда сөз сөйлегендер қатарында: Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Фейсал бин Бандар бин Сұлтан Әл Сауд, биотехнология мен білім беру технологиялары жөніндегі сарапшы Хассан Кхачфе, ХОК-нің жасанды интеллект жөніндегі бизнес-менеджері Джошуа Сух, OBS компаниясының бас технологы Сотирис Саламурис және құқық профессоры Альберто Каррио бар.

Қатысушылар жасанды интеллект пен киберспортты білім беру бағдарламаларына енгізудің мүмкіндіктері мен болашағын талқылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button