Спорт Министрі | Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль жеңіп алды

Екатеринбург қаласында өткен «Весна Победы» атты Бүкілресейлік конкур жарыстары өз мәресіне жетті.
«Арғымақ» ат спортық-сауықтыру кешенінің шабандоздары Астананың намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қатысушылар 70-тен 130 см-ге дейінгі биіктіктегі кедергілерді, соның ішінде классикалық маршруттар мен кедергіден секіру кезеңдерін сәтті еңсерді.
Спортшылар жоғары дайындық деңгейін танытып, қызу бәсекеде барлығы 23 жүлде жеңіп алды: 12 алтын, 7 күміс, 4 қола.
Хасенов Азамат «Мунфери» тұлпарымен 1 орын -2 медаль
2 орын -1 медаль
«Асуан» 1 орын-1 медаль,
2 орын-2 медаль
«Изи» 1орын – 1 медаль
2 орын-1 медаль

Сулейменқұлов Жалғасбек пен тұлпары «Лебедь» 1 орын- 3 медаль
«Форвард» 2 орын -2 медаль
3 орын-1 медаль

Манар Әлішер «Артист» тұлпарымен
1 орын – 4 медаль,
2 орын-1 медаль

Байгужина Сафина мен «Сармат» 1 орын -1 медаль,
3 орын-2 медаль

Хасенова Анель «Русская звезда» тұлпарымен 3 орын-1 медаль

Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button