Спорт Министрі | Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында қола медаль иеленді
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Айбота жекелей көпсайыста төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 82.200 ұпай жинап, Азия біріншілігінің қола медалін жеңіп алды. Ал алғашқы екі орынды Өзбекстан құрамасының спортшылары иеленді.

Тағы бір қазақстандық гимнаст Айым Мейіржанова 80.450 ұпаймен 5-орынға тұрақтады.

Аталған құрлықтық додаға 19 елден 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Ертең жарыстың шешуші кезеңі — финалдық сайыстар басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button