Спорт Министрі | Оралда Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық каратэ турнирі өтуде
БАСҚАЛАРЫ

Оралда Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық каратэ турнирі өтуде

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған X халықаралық «Akzhaiyk Open» WKF каратэ турнирі өтіп жатыр.

Биылғы жарысқа Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейдің Башқұртстан мен Татарстан республикаларынан, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен 1 мыңға жуық спортшы қатысуда.

Ауқымды спорт додасы батыр қыз Мәншүк Мәметованы еске алып қана қоймай, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуды, халықаралық ынтымақтастық пен достықты нығайтуды мақсат етеді.

Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Әлішер Тайжан (+84 кг) өз салмағында чемпион атанса, Әлішер Жәдігеров (-55 кг) пен Дархан Темірәлиев (-60 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Турнирде бүгін және ертең жасөспірімдер мен кадеттер арасында кумитэ және ката сайыстары өтуде. Бұл жарыс 2024 жылдың қыркүйегінде Қытайда өтетін жастар мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеуге негіз болады.

БҚО-ның аға жаттықтырушысы Ринат Мерғалиевтің айтуынша, биылғы жарыстың ерекшелігі — жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйақы тағайындалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button