БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатына өз құрамын жариялады

Бүгін, 16 мамырда Сингапур қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресін бастайды.
Жекелей жарыстарда Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды.
Ал топтық жаттығуларда Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская сынды спортшылар ел намысын қорғайтын болады.
Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.