Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде үш бірдей жүлде жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде үш бірдей жүлде жеңіп алды

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бүгін үш бірдей жүлде иеленді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова байдаркамен жұптық сында 500 метр қашықтықта үздік шықты. Олар Қытай мен Жапония спортшыларын артта қалдырып, Азия чемпиондары атанды.

Бекарыс Раматулла байдаркамен 500 метрге жалғыз жарыста екінші орынға ие болды. Ол мәре сызығына жақындағанда Қытай спортшысына есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Каноэде 500 метрлік аралықта жарысқа қатысқан Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлопова құрамындағы қазақстандық квартет қола жүлдегер атанды. Бұл жарыста Вьетнам – чемпион, Қытай – күміс жүлдегер болды.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны байдарка мен каноэде үш түрлі медальмен толықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button