БАСҚАЛАРЫ
Азия чемпионаты: Стелла Суханова байдаркамен жарыста күміс жүлде иеленді

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Қазақстандық Стелла Суханова 1000 метрге байдаркамен жарыста мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдегер атанды.
Бұл қашықтықта алтын жүлде Қытай спортшысына бұйырса, үшінші орынды Иран өкілдері еншіледі.
Осылайша Суханова құрлық додасындағы алғашқы сында-ақ ел қоржынына маңызды жүлде салды. Қазақстан құрамасы үшін бұл – чемпионаттағы алғашқы табыс.