Спорт Министрі | Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
БАСҚАЛАРЫ

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

17–25 мамыр күндері Қатар астанасы Дохада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Халықаралық дәрежеде өтетін бұл додада ел намысын бірнеше спортшы қорғайды. Жарыстың алғашқы айналымына жеребе тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.

Жекелей сында (1/64 финал):

  • Кирилл Герасименко – Чью Кларенс (Сингапур)

  • Сарвиноз Миркадирова – Неда Шахсавари (Иран)

  • Зәуреш Ақашева – Хана Арапович (Хорватия)

Жұптық сында (1/32 финал):

  • Айдос Кенжіғұлов / Санжар Жұбанов – Беньямин Фараджи / Амирмахди Кешаварзи (Иран)

  • Владислав Захаров / Бақдәулет Әкімәлі – Альберто Мино / Диего Пигуаве (Эквадор)

  • Әнел Бақыт / Ангелина Романовская – Ханитра Рахариманана / Ранто Ракотондразака (Мадагаскар)

  • Зәуреш Ақашева / Сарвиноз Миркадирова – Тан Чжао Юн / Чжан Ванлин (Сингапур)

Аралас жұптар (1/32 финал):

  • Ескендір Харки / Ангелина Романовская – Лин Юн-Джу / Чэн И-Цзин (Тайбэй)

Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта әлемдік деңгейдегі тәжірибе жинаумен қатар, жүлдеге таласуға ниетті. Матчтар 17 мамырдан бастап басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button