Спорт Министрі | Семсерлесуден Гран-при турнирі: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды
БАСҚАЛАРЫ

Семсерлесуден Гран-при турнирі: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қылышпен семсерлесуден өткен Гран-при турнирі өз мәресіне жетті. Бұл халықаралық додада Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында бақ сынады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Алайда отандастарымыз бұл жолы жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.

Ерлер арасындағы нәтиже:

  • Артём Саркисян — 24-орын

  • Бақдәулет Құралбекұлы — 55-орын

  • Жанат Нәбиев — 92-орын

  • Назарбай Саттархан — 137-орын

  • Қуаныш Ерғашбай — 161-орын

Әйелдер арасындағы нәтиже:

  • Әйгерім Сарыбай — 60-орын

  • Татьяна Приходько — 78-орын

  • Анастасия Гулик — 97-орын

  • Карина Доспай — 99-орын

  • Диляра Исабекова — 136-орын

Семсерлесу спорты елімізде енді қарқын алып келе жатқанын ескерсек, мұндай ірі жарыстар тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік береді. Алдағы турнирлерде қазақстандық спортшылар жүлде үшін таласты күшейтуге ниетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button