Спорт Министрі | 17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингте серпіліс жасады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингте серпіліс жасады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық теннисшілер арасында ең үлкен ілгерілеуді 17 жастағы Әмір Омарханов көрсетті, деп хабарлайды Sportm.kz.

Өткен аптада Шымкенттегі ITF турнирінде табысты өнер көрсеткен жас спортшы бірден 32 сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингте 988-орыннан 956-орынға көтерілді.

Ал елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына жеткеніне қарамастан, 75-орыннан 76-орынға сырғыды. Александр Шевченко да бес саты төмендеп, 97-орында тұр.

Басқа қазақстандық теннисшілердің де нәтижесі төмендеді: Дмитрий Попко — 163-орын (бұрынғысы — 155), Михаил Кукушкин — 165 (162), Тимофей Скатов — 181 (172), Бейбіт Жұқаев — 220 (208).

Дегенмен, Денис Евсеев бір саты алға жылжып, 257-орынға жайғасты.

Жұптық сында Александр Недовесов 109-дан 121-ге түссе, ал Александр Бублик 129-дан 127-орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button