БАСҚАЛАРЫ
«Астана» велокомандасының қос шабандозы Түркия турының кезеңінде үздік үштікке енді

Түркияда өтіп жатқан көпкүндік «Президенттік Тур» жарысында кезекті кезең өз жалғасын тапты. Бір күндік үзілістен кейін қайта жалғасқан додада «Астана» командасының өкілдері үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sportm.kz.
Бұл кезеңде бірінші орынды эквадорлық Мартин Лопес, екінші орынды нидерландтық Ваут Пулс иеленді. Екеуі де – «Астана» велокомандасының мүшелері. Үздік үштікті Uno-X Mobility командасынан норвегиялық Йоханнес Кульсет түйіндеді.
«Астананың» өзге шабандоздары келесі орындарда мәреге жетті: Фаусто Маснада — 27-орын, Николя Винокуров — 66, Лев Гонов — 67, Густав Ванг — 128, Маттео Малучелли — 131-орын.