Спорт Министрі | Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды
БАСҚАЛАРЫ

Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жүлде жеңіп алған спортшыларға салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады. Барлығы бес спортшы баспаналы болды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Спорттық гимнастикадан күміс медаль иегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтерге ие болды. Ал қола жүлдегер атанған боксшы Назым Қызайбай мен нысана көздеуден Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтер кілті табысталды.

Сондай-ақ қола медаль иегерлері — дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен пневматикалық мылтық атудан Александра Ле қазір жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда жүргендіктен, оларға пәтер кілттері Алматыға келген соң беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button