
2025 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлер тізімі жарияланды. Футбол әлемінің беделді марапатына үміткерлердің үздік ондығы төмендегідей:
-
Мохамед Салах («Ливерпуль»)
-
Винисиус Жуниор («Реал» Мадрид)
-
Рафинья («Барселона»)
-
Джамал Мусиала («Бавария»)
-
Роберт Левандовски («Барселона»)
-
Ламин Ямаль («Барселона»)
-
Килиан Мбаппе («Реал» Мадрид)
-
Гарри Кейн («Бавария»)
-
Коул Палмер («Челси»)
-
Флориан Вирц («Байер»)
Бұл тізімде әр түрлі клубтардан шыққан талантты ойыншылар бар. Мысалы, «Барселона» клубынан үш ойыншы – Рафинья, Левандовски және Ламин Ямаль – үздік ондыққа кіріп отыр. Сондай-ақ, «Реал» Мадрид пен «Бавария» клубтарының да өкілдері бар.
«Алтын доп» жүлдесі – футбол әлеміндегі ең беделді жеке марапаттардың бірі. Жыл сайын үздік ойыншыны анықтау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен спорт журналистері дауыс береді.