Спорт Министрі | Милад Карими әлем кубогында чемпион атанды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Милад Карими әлем кубогында чемпион атанды

Қазақстандық гимнаст Мысырда өтіп жатқан әлем кубогының кезекті кезеңінде тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды sportm.kz.

Жерлесіміз кермедегі жаттығулар бағдарламасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, төрешілер тарапынан 14,466 ұпайға ие болды Бұл сында Кипр өкілі Мариос Георгиу 14,066 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, швейцариялық Ноэ Сейферт 13,866 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.Айта кетейік, қазақстандық спортшы Каирдегі Әлем Кубогында екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Бұған дейін еркін жаттығу бойынша да жеңіске жеткен еді.

Жалпы алғанда биылдың өзінде ол Әлем Кубоктарында 6 мәрте алтын жүлдеге қол созды. Ал, тұтас кәсіпқой мансабын алар болсақ, 9 мәрте жеңімпаз болды және Әлем Кубоктарының алтын жүлде саны жағынан рекорд орнатты. Спорт мамандары Миладттан алдағы уқаытта да үлкен үміт күтеді. Әсіресе, Лос-Анджелесте өтетін олимпиадада жеңіс тұғырна көтеріледі деген сенім бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button