Спорт Министрі | Азия чемпионаты: 31 боксшымыз финалда
ӘУЕСҚОЙ БОКСБОКСТРЕНДТЕ

Азия чемпионаты: 31 боксшымыз финалда

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды sportm.kz.

Айта кету керек, бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15 және 17 жастағы өрендерге арналған алғашқы құрлықтық жарысы. Байрақты бәсекеге 18 елден 400-ден аса қатысушы жиналды. Оның ішінде өзіміздің қыз-жігіттер де бар. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша 44 боксшымыз жартылай финалға шыққан еді. Енді оның 31-і қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алып отыр. Әсіресе, Нұрасыл Хасан, Мейіржан Ташмағамбет, Мұхаммедәлі Рүстембек, Томирис Сатыбалды, Ақерке Далабай, Диляра Тұрсынбек және Камиля Оспанова сияқты жас боксшылардың шаршы алаңдағы шеберлігі мен жеңіске жеген ұмтылысын ерекше атап өту керек.

Жалпы алғанда, 15 жасқа дейінгілер арасында ұлдардан 9, қыздардан 10 спортшымыз алтынға таласса, 17 жасқа дейінгілер арасында ұлдардан 6, қыздардан 6 спортшымыз финалда жұдырықтасады. Қалған 13 боксшымыз жартырай финалда есе жіберді. Сәйкесінше, қола жүлдегер атанды. Тағы бір айта кетерлігі, финалистер саны жағынан Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ бастап тұр. Жоғарыда айтқандай, 31 боксшымен. Одан кейін 30 бокшысы бар Өзбектстан құрамасы және 21 боксшысы бар Үндістан құрамасы келеді. Енді шешуші айқастар басталады. Амман қаласындағы жарыстың жалпы қорытындысы 30-сәуірде белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button