Спорт Министрі |
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Мені шындық үшін жазалады» – Самат Смақов

Қазақстан Премьер-лигасының 5-турында өткен «Жетісу» мен «Ордабасы» арасындағы кездесуде шымкенттік ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды sportm.kz.

Алайда матч барысында «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов төрешінің шешіміне наразылық танытып, қызыл қағаз алған еді. Ойын соңындағы бас бапкердің әрекеті ҚФФ тәртіптік комиссиясының қарауына түсіп, нәтижесінде ол төрт матчқа шеттетілді.

Алда команда үшін аса маңызды ойындар бар. Ал олар мені шындық үшін жазалады. Бұл әділетті деп ойламаймын. Бірақ жылап, шағымданып, кешірім сұрайтын ниетім жоқ. Иә, 25 сәуірде өтетін аңыздар матчына қатыспаймын. Постер мен жарнамалардан мені алып тастасын,- деді Самат Смақов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button