Спорт Министрі | Рыбакина алдыңғы ондықтан шығып қалды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина алдыңғы ондықтан шығып қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) соңғы нәтижелерді саралап, әлемдік тізімді жаңартты. Оған сәйкес, қазақстандық Елена Рыбакина 10-шы орыннан 11-ші орынға төмендеді.

Айта кетейік, былтыр жыл басында Рыбакина WTA рейтингінде үздік бестікте болған. Алайда, денсаулығына байланысты біраз жарысты жіберіп алды. Енді өз позициясын қайта қалпына келтіру үшін маңызды турнирлерде жоғары нәтиже көрсетуі қажет. Әйтпесе, бұдан да төмен түсіп кетуі мүмкін.Әлемдік тізімнің алдыңғы үштігі өзгермеді. Бірінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко болса, екінші орында польшалық Ига Швёнтек. Ал, үшінші орында америкалық Джессика Пегула. Басқа да жерлестеріміздің көрсетішіне тоөқтала кетейін. Жаңартылған тізімде Юлия Путинцева 24-ші, Жібек Құламбаева – 314-ші, Зарина Диас – 326-шы, ал, Анна Данилина – 896-ші сатыларға тұрақтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button