Спорт Министрі | Милад Карими - Әлем Кубогінің жеңімпазы
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Милад Карими — Әлем Кубогінің жеңімпазы

Қоржынымызда төрт  медаль. Оның екеуі алтын. Қатар астанасы Доха қаласында спорттық гимнастикадан Әлем Кубогі мәресіне жетті.

Бұл жолғы жарыс  біздің спортшылар үшін, салыстырмалы түрде,  сәтті болды. Әсіресе, Милад Карими екі бірдей алтын жеңіп алды. Ол алдымен еркін жаттығу бойынша қатысты. Финалдық сында 14.466 ұпай жинап, жалпы есепте топ басына шықты. Осылайша ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салды. Одан кейін кермедегі жаттығулар бағдарламасында да финалға шығып, ақтық сында 14.500 ұпай иемденді. Осының арқасында жарыс қорытындысы бойынша тағы да  бірінші орынға жайғасты. Бұдан бөлек, қазақстандық Алтынхан Темірбек еркін жаттығуда күміс, ал, Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда қола жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button