
Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Коротков атындағы турнирде Сәкен Бибосынов финалға шықты, деп хабарлайды sportm.kz.
Жартылай финалда өзбекстандық Фарезбек Дусматовтан 5:0 есебімен басым түсті. Енді ол финалда Ресей боксшысы Денис Палшинмен кездеседі.
Айта кетейік, Фарезбек екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі. Ағайынды өзбек боксшылардың екеуі де осы жарысқа келген. Ширек финалда жолдары түйісіп қалған соң, Хасанбой інісіне жол берген болатын.
Бибосынов пен Дусматов соңғы рет Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, төрешілер шешімімен өзбек жеңіске жеткен еді.