Спорт Министрі | Қазақ боксшылары Турки Аль аш-Шейх жобасына қатысады
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Қазақ боксшылары Турки Аль аш-Шейх жобасына қатысады

Үш боксшымыз Эр-Рияд қаласындағы кәсіпқой жекпе-жек кешіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, Жолдас Жеңісов, Санатәлі Төлтаев және Нұрқанат Райыс осындай мүмкіндікке ие болды.

Түсіндіре кетейік, WBC ұйымы Турки Аль аш-Шейхпен бірлесе жаңа жобаны қолға алды. Оның аясында кәсіқой боксшылар арасына өзіндік әлем чемпионаты өтеді. Әзірге төрт салмақ дәрежесі таңдалған. Жеңіске жеткен боксшыларға қомақты сыйақы қарастырылып отыр. Яғни, әр салмақтағы жарыс жеңімпаздары 100 мың доллардан алады. Тек жеңімпаздар ғана емес, барлық қатысушыға ақшалай сыйақы беріледі және оның көлемі келесі кезеңге өткен сайын ұлғая береді. Аталмыш жобада қазақстандық «Adal Promotions» қанатының астындағы жігіттер бақ сынап көрмек. Олар қазір Сауд Арабиясы астанасына аттанды. Жаңа жоба қатысушылары арасында Қазақстандық боксшылардан бөлек АҚШ, Мексика, Колумбия, Украина, Франция және Англия өкілдері бар.

 «Әр салмақта үздік 32 боксшы қатысады. Мұнда сынға түсетін атлеттердің жасы 27-ден аспауы қажет. BoxRec-те тіркелген жекпе-жек саны 10-нан көп болмауы керек. Кәсіпқой бокстағы мансабын енді бастап жүрген жігіттерге керемет мүмкіндік деуге болады. Жаңа жобаның алғашқы үш кезеңі 6 раундтан тұрады. Жартылай финал 8, ал, финал 10 раундқа есептелген. Жеңіске жеткен боксшылар 100 мың доллардан алады және Турки Аль аш-Шейхпен келісімшартқа отырады…» — деді «Adal Promotions» менеджері Жанпейіс Назарғали.

Басқа жаңалықтар

Back to top button