
Футзалдан Қазақстан құрамасының сәтсіздіктер сериясы жалғасып жатыр. Рикардо Кака баптайтын жігіттер Вьетнаммен екі жолдастық кездесу өткізіп, екі ойында да жеңіске жете алмады.
Бірінші матчта 1:4 есебімен есе жіберді. Ал, екінші матч 2:2 есебімен аяқталды. Бұл жағдайды бас бапкер буын алмасу процесімен түсіндірді. «Жас футзалшылар өнер көрсетіп жатыр. Олардың ойынына көңілім толады. Тәжірибелі жігіттер жастарға көмегін көрсетеді. Бүгінгі нәтиже әділетті деп санаймын», — деді Рикардо Кака. Айта кетейік, ұлттық құрама алдында 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу мақсаты тұр. Бұл тапсырманы жігіттер іріктеу кезеңінде орындай алмады. Енді қосымша мүмкіндік арқылы, яғни, өтпеді ойындар арқылы жолдама алуға тырысады.