Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Батыр Жүкембаев 24-жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды sportm.kz.
Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте Батыр Ұлыбританиядан келген Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған жұдырықтасу соңына дейін жалғасты. Батыр төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісіне жетті. Оның 17-де қарсыласын уақытынан ерте жеңіп шыққан. Бір рет жеңілген.