
Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күндері еркін күрес бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Нәтижесінде ұлттық құрама өкілдері 5 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 74 келідегі Нұрқожа Қайпанов барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда қырғыз спортшысы Орозок Токиомамбетовты 2:1 есебмен жеңді. Айта кетейік, Нұрқожа осымен үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін 2019 жылы Қытайда және 2021 жылы Қазақстанда өткен құрлықтық біріншілікте де алтыннан алқа тағынған болатын.