Спорт Министрі | 11 боксшымыз әлем кубогына аттанды
ӘУЕСҚОЙ БОКС

11 боксшымыз әлем кубогына аттанды

Бірер күннен кейін Бразилияда былғары қолғап шеберлері арасындағы жаңа форматтағы жарыс болады. Оны World Boxing ұйымы енгізіп отыр.

Әлем Кубогы деген жалпы 4 кезеңнен тұратын кешенді жарыс және оның алғашқысын осы Бразилия қабылдайды. Тағы бір ерекшелігі жекпе-жектер World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша болмақ. Сонымен, байрақты бәсекеде ел намысын Нұрсұлтан Алтынбек, Талғат Сырымбетов, Диас Молжігітов және Даниял Сапарбай сияқты ұлттық құрамадағы тәжірибе бокшылар қорғайды. Бұған қоса, Нұрзат Оңғаров, Алмат Абдуали, Дархан Дүйсебай, Дәулет Төлемісов сияқты жастар да бар. Оларға да керемет мүмкіндік беріліп отыр. Бұған қоса әйелдер арасындағы сынға 3 боксшымыз қатысады.  Бразилиядағы әлемдік аламан 6-сәуірге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button