Спорт Министрі | Қазақстан Лихтенштейнді жеңді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан Лихтенштейнді жеңді

Өте ұзақ күткен жеңіс. Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейннен басым түсті.

Қос команда арасындағы матч Кәрі Құрлықтағы Вадуц қаласында өтті. Айта кету керек, ұлттық құрама ә дегеннен фаворит санатында болды. Өйткені, Лихтенштейн ФИФА рейтингіндегі 211 команда болса, соның ішінде 204-орында тұр. Әли Әлиев баптайтын жігіттер осы мүмкіндікті сәтті пайдалауға тырысып, барынша белсенді бастады. 42-минутта Максим Самородов есеп ашты. Ал, 45-минутта Александр Марочкин нәтижені еселеді. Одан кеййін таблодағы көрсеткіш өзгермеді. Қорытынды есеп: 0:2.

Осылайша Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен өз тобында тобында үшінші орынға жайғасты. Бірінші орында Уэльс болса, екінші орында Солтүстік Македония құрамасы. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы келесі матчтар күзде өзіміздің алаңда өтеді. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы соңғы рет ресми ойындарда 2023 жылдың қарашасында жеңіске жеткен еді. Ал, дәл осы әлем чемпинонатының іріктеу кезеңдеріндегі жеңісті күткенімізге 12 жыл болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button