
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы да төмендеді, деп хабарлайды sportm.kz.
Майамиде өткен WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалған отандасымыз тізімнің оныншы сатысына бір-ақ түсті. Бұған дейін ол сегізінші тұрған. Рыбакинаның алдына қытайлық Циньвэнь Чжен шыққан еді. Ал күні кеше Майами турнирінде испан қызы Паула Бадоса норвегиялық Клара Таусонды жеңіп, тоғызыншы орынға көтерілді.
Айта кетейік, жыл басталғалы бері Елена Рыбакина бірде-бір турнирдің финалына жете алмай келеді.