Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен өтетін кездесу алдында баспасөз мәслихатына қатысып, топтың алғашқы ойыны туралы ойларын ортаға салды, деп хабарлайды sportm.kz.
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастаймыз. Жақсы бастаймыз деген үміт мол. Уэльс – мықты қарсылас. Олардың ойындарын талқыладық. УЕФА Ұлттар лигасының бірде бір ойынында жеңілмеді. Соңғы алты ойында жеңілістің не екенін білмейді. Көп сөйлемей, ертең нәтижеге қарайық. Жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге жету керек. Осыдан екі жыл бұрын Солтүстік Ирландиямен өткен ойында көзге түскен едім, сол ойындағы ерлікті қайталағым келеді. Бар ойым осы жақта. Гол соғып, қазақ жанкүйерлерін бақытты етуді қалаймын,-деді ол.
Айта кетейік, футболдан ұлттық құрама жігіттері наурыздың 22-нен 23-не қараған түні әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльспен кездеседі.