Спорт Министрі | Бокстан әйелдер құрамасы Азияда ең үздік деп танылды
БОКСТРЕНДТЕ

Бокстан әйелдер құрамасы Азияда ең үздік деп танылды

Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан Азия құрлығындағы ең үздік ұлттық федерация ретінде танылды, деп хабарлайды sportm.kz.

Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы мәлімдеді.

Ништегі жарыста Азия елдері арасынан Қазақстан, Солтүстік Корея (КХДР) және Қытай ғана алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан үш бірдей алтын медаль еншілесе, КХДР мен Қытай бір-бірден чемпиондыққа қол жеткізді.

Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары тарихында өзінің үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал КХДР боксшысы Пан Чхоль Ми 2018 жылғы жеңісінен кейін екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Таиланд пен Өзбекстанның да боксшылары финалға дейін жетіп, нәтижесінде күміс медаль иеленді. Вьетнам болса, бір қола жүлдемен медальдық есепте үздік шыққан алтыншы азиялық ел ретінде тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button