БАСҚАЛАРЫ
Сұрмергендер кешенді дайындыққа кірісті

Қазақстандық стенд ату және спорттық ату шеберлері дәл қазір Қатар астанасы Дохада бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Ол жерге 35 бірдей спортшымыз аттанды. Олардың ішінде Ислам Сәтпаев, Александра Ле, Никита Чирюкин, Константин Малиновский, Арина Алтухова және Ирина Юнусметова сияқты ұлттық құраманың үздіктері бар. Аталмыш қыз-жігіттер алдағы айда Әлем Кубоктарына қатысады. Атап айтқанда, стенд ату бойынша дүниежүзілік доданы Аргентина елінің Буэнос-Айрес қаласы, ал, спорттық ату бойынша әлемдік аламанды Перу елінің Лима қаласы қабылдайды. Дохадағы дайындықта спортшылар заманауи базада шеберлік шыңдап, ыстық климатқа бейімделеді және өз қателіктеріне сараптама жасайды делінген жауапты федерация таратқан хабарламада.