Спорт Министрі | Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Нұрбол Сүлейменовтің орнынан кеткені жайлы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды sportm.kz.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше , дзюдодан ерлер құрамасының бас бапкер Нұрбол Сүлейменов бас бапкерлік қызметтен кеткен.

Нақты қашан, не себепті қызметтен кеткені  ресми айтылмады. Ұлттық құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Сүлейменов қазіргі уақытта  құрамамен бірге емес.

Нұрбол Сүлейменов 2022 жылы ерлер құрамасының тізгінін ұстаған болатын. Ол бас бапкерлікке келгеннен бері құраманы Париж Олимпиадасымен қатар, 3 әлем чемпионаты, 2 Азия чемпионаты және Ханчжоуда өткен Азия ойындарына бастап барды. Сүлейменовтың жетекшілігімен Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасында  1 алтын, 1 қола медаль алған. Ал, әлем чемпионаттарында 1 қолаға ие болса, Азия ойындарында 3 қола медаль жеңіп алған. Азия чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс 8 қола медальға ие болған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button