Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұылының жекпе жегін көру - 255 мың теңге
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұылының жекпе жегін көру — 255 мың теңге

Астана қаласында 5 сәуір күні WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды sportm.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы француздық Анауэль Нгамиссен. Жекпе-жекпе билеттер бүгін 5 наурыздан бастап сатылымға шықты. afisha.yandex.kz  билеттердің бағасын жариялады. Билеттің  ең арзаны 20 мың тг басталып,   255  мың теңгеге дейін.

Айта кетейік, аталған бокс кешінде қазіргі уақытта ұлттық құрама сапында жүрген ағайынды Сабырхандар кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек. Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған. Сондай-ақ, Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар 5 сәуір күні Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Баходир Жалолов та осы кеште кәсіпқой бокстағы шеберлігін көрсетпек.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button