Спорт Министрі | Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой боксқа шығады
КӘСІПҚОЙ БОКС

Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой боксқа шығады

Бір айдан кейін, нақтырақ айтқанда, 5-ші сәуір күні Астанада Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек кеші өтеді.

Қазақстандық боксшы франциялық Анаэль Нгамиссингемен кездесіп, чемпиондық атақтарын қорғауы қажет. Міне, осы кеш аясында ағайынды Сабырхандар, яғни, Махсұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шығып, кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесулерін өткізеді. Әзірге қарсыластары туралы ақпарат жоқ. Олардың қай салмақта жұдырықтасатыны туралы да белгісіз. Айта кетейік, қос мықты әуесқой бокста ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр. Екеуі де дәл қазір Болгариядағы «Странджа Кубогына» қатысып жатыр. Халықаралық турнирден кейін Астанадағы кәсіпқой рингтегі жекпе-жекке дайындыққа кіріседі.

Ағайынды Сабырхандардан бөлек, Астанадағы бокс кешінде Бахадүр Жалолов, Сұлтан Зауырбек және Батыр Жүкембаев сияқты көпшілікке танымал жігіттер де кезекті кездесулерін өткізудің жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button