Жаңа спорт түрінен Қазақстан Кубогі өтті

Арм Бэк. Дәл осындай атаумен елдімізде жаңа спорт түрі пайда болды.
Ерекшелігі сол, аталмыш бағыт мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын реттеп, қарым-қабілетін жетілдіре түседі. Жоба авторы Садық Байымбетов оны қысқа аралықта ресми түрде тіркеп, жүйелі дамытуға кірісті. Қазірдің өзінде еліміздің 11 аймағында арнайы секциялары бар. Әртүрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп тұрады.
Енді бұл жолы Астанада алғаш рет ауқымды шара Қазақстан Кубогы ұйымдастырылды. Оған елімізің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналып, өзара мықтыны анықтады. Нәттижесінде, Ақтау қаласының құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында жергілікті, яғни, Астананың командасы болса, Шымкенттен келген спортшылар үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан Кубогы енді жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады. Бұған қоса, оның ауқымын кеңейтіп, халықаралық деңгейге шығару да жоспарларып отыр.
«Олимпиада бағдарламасында Қазақстан атынан қосылған бірде-бір спорт түрі жоқ. Біздің мақсат – осы бағытты әлемдік деңгейде дамытып, жазғы ойындар бағдарламасына қосу. Сондықтан да, осы бағытты нықсап қолға алдық. Біртіндеп республикалық жарыстар өткізіп жатырмыз. Қазақстан чемпионаты және Қазақстан Кубагы бар. Енді халықаралық додаларды ұйымадстырғымзы келеді» деді «Жас жауынгер» дене шынықтыру және оңалту клубының жетекшісі әрі жоба авторы Садық Байымбетов.