Спорт Министрі | Маңғыстауда спорттық мектеп-интернат ашылады
МӘСЕЛЕТРЕНДТЕ

Маңғыстауда спорттық мектеп-интернат ашылады

Қазірдің өзінде оның ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, алдағы оқу маусымнан бастап толыққанды іске көшеді.

Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш мәлімдеді. Ол жергілікті спорт мамандарымен және спортшы жастармен кездесіп, саладағы көкейкесті мәселелерді талқылады. Оның ішінде аймақта  спорттық бағыттағы мектеп-интернаттың жетіспеушілігі сөз болды. Бұл проблема біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазірдің өзінде мектеп интернаттың аумағы және ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл оған 125 баланы іріктеп, алғашқы оқу маусымын бастайды. Аталмыш мектеп-интернатта олимпиада бағдарламасына кіретін 5 бағыт бойынша болашақ чемпиондарды даярлаумен айналысады.

 «Білім басқармасына қарасты қаладан 27 шақырым қашықтықта орналасқан теңіздің жағасындағы базаны өзіміздің теңгерімге өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта оған 2 млрд 200 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізук жоспарланып отыр. Мектеп-интернат биыл қыркүйек айында өз жұмысын бастайды. Жалпы 125 баланы қабылдап, 5 спорт түрі бойынша даярлаймыз. Одан кейін кезең-кезеңімен сол нысанның мүмкіндігіне қарай балалар саны мен спорт түрлерін арттырамыз» — деді Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button