
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев олимпиада кезіндегі ерекше сәтті есіне алды деп, хабарлайды sportm.kz.
Бұл туралы спорт министрі ютуб каналына берген сұхбатында айты.
Басқа балалар екі сағат жаттығу жасап кетіп қалса, мен тағы 1 сағат қалатынмын. Мендегі 326 күн деген содан пайда болған. Демек мен бір жылдың ішінде бір бас жоғарымын. Түбі олимпиададан бірақ шықтық. Көк ту көтеріліп жатыр. Әкеңнің дөңгелік сатқаны бәрі көз алдыңнан өтеді. Ананның сен үшін шырылдап қанша жерге барғаны, сен қанша тер төктің, 1 күнде 3 рет жаттығу жасау барлығын көз алдыңа елестеткенде жас еріксіз кетіп қалады. Осы еңбек ақталды. Бұдан артық не бақыт деп ойлайсың. Көп адам қолы жетпегенді сен істедің. Ер азаматтар жыламайды, бірақ жылайтын кездері болады екен, -деді Бақтияр Артаев.