Спорт Министрі | «Астана Аренаны» жөндеуге 15 млрд тг жұмсалды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

«Астана Аренаны» жөндеуге 15 млрд тг жұмсалды

Бөлінген қаражат инфрақұрылым мен техникалық жабдықтарға жұмсалған, деп хабарлайды sportm.kz.

Жөндеу жұмыстарына дейін стадионның шатырынан су ағып, ішке кіретін кезде ескі жүйенің кесірінен адамдар сағаттап кезекте тұратын. Одан бөлек инженерлік желілер әбден ескіріп, желдету және өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер жиі туындаған. Бұған газон жабындысының тым қатты болғанын әрі хабарландыру мен трансляцияның анық естілмейтіні бар.

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, стадион енді УЕФА мен ФИФА ойындарын өткізуге толық дайын.

Осылайша, былтырғы маусымды Алматыда өткізуге мәжбүр болған «Астана» клубы жаңа маусымда қарсыластарын өз алаңында қабылдайды. Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатына іріктеу матчтарын елорда төріндегі стадионда өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button