
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты ақпарат пайда болды.
The Ring сайтының хабарлауынша, ол алдағы сәуір айында, нақтырақ айтқанда, 5-ші сәуір күні Астанада жұдырықтасады. Ал, қарсыласы әзірге белгісіз. Белгілісі британиялық Шакил Томпсонмен кездесуі мүмкін. Қазір тараптар келіссөз жүргізіп жатыр.
Айта кетейік осының алында америкалық Sport+ басылымы да Жәнібек Астанада кездесуі өткізетіні туралы хабарлаған болатын. Қалай болғанда да, қазақстандық боксшы алдағы айқаста WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтарына қорғауы қажет.
Жалпы алғанда Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, 16-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы рет былтыр қазан айында Австралияда жұдырықтасып, жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен ұтты.