
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sportm.kz.
«Келесі жекпе-жектің уақыты белгілі болды. Жақында кездесеміз» – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде IBF нұсқасы бойынша титулын қорғаған болатын. Жәнібек жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңген еді.