Спорт Министрі | Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін  
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін  

Қазақстандық спортшы 8 ақпан күні өтетін UFC 312 турниріне қатысуы мүмкін, деп хабарлайды sportm.kz.

Сиднейде өтетін турнирде жапон Рэй Цуруя (10-0) мен аустралиялық Стюарт Николл (8-1) кездесуі керек болған. Алайда Николл жарақатына байланысты жарыстан шегінуге мәжбүр болды.  Жалғас Жұмағұлов Цуруяға қарсылас ретінде өзін ұсынды. Қазіргі уақытта UFC басшылығы жапон спортшысына жаңа қарсылас тауып, жекпе-жекті сақтап қалу мәселесін талқылауда.  

«Спорт Шредингердің» ақпараты бойынша, Жалғас Жұмағұлов UFC-дің ауыстыруға арналған тізімінде тұр. Жекпе-жектің және Жалғасқа мүмкіндік беру туралы шешім алдағы уақытта белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button