Спорт Министрі | Дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады

Бүгін, 9 қаңтар күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылдың алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды sportm.kz.

Ұлттық құрама спортшылары Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 19 қаңтарға дейін жаттығады.

Оқу-жаттығу жиынына барлығы 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр. Жаттығу жиынында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Абужақынова, Grand Slam жарысының жеңімпазы Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button