Шахматтан әлемдік рейтинг жаңарды

Бибісара 6-шы, Мерует 3-ші орында. Халықаралық шахмат федерациясы соңғы жарыстарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты.
Оған сәйкес, әйелдер арасында бірнеше спортшымыз үздіктер қатарына ілікті. Ең жоғары көрсеткіш Бибісара Асаубаеваға тиесілі. Ол блитц бағыты бойынша әлемдік рейтингтің 6-шы, ал, рапид бағыты бойынша 9-шы сатысына жайғасты. Жасөспірімдер арасында тағы бір қазақ қызы Меруерт Қамалиденованың көрсеткіштері жақсы. Ол блитц бағыты бойынша алдыңғы үштікті түйіндеп тұр. Рапид бойынша 4-ші орында. Бұған қоса, үздіктер қатарынан Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова, Зарина Нұрғалиева, Ксения Балабаева және Елназ Қалиахмет сияқты қазақстандық спортшыларды кезедстіруге болады.
Айта кетейік, былтыр Халықаралық шахмат федерациясы мен Азия шахмат федерациясы ұйымдастырған ресми жарыста Қазақстандық спортшылар 160 медаль жеңіп алды. Оның 55-і алтын. Бұл отандық спорт үшін, әсіресе, отандық шахмат үшін бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш саналады.